Ғалым COVID-26 және COVID-32 қаупі туралы ескертті
Америкалық ғалым адамзатты COVID-26 және COVID-32 қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирус және жұқпалы аурулар бойынша сарапшы Питер Хотез COVID-19-тің шығу тегі туралы мұқият зерттеу қажет екенін айтты. Ол үшін вирусологтар мен эпидемиологтарды эпидемия басталған Уханьға жіберу керек. Сол жерде ғалымдар мәліметтер мен қажетті үлгілерді жинай алады.
"Бұл - ХХІ ғасырдағы үшінші ірі коронавирус эпидемиясы немесе пандемия. Қазіргісі - үшіншісі. Табиғат-ана бізге не болатынын айтады: егер біз COVID-19-тің шығу тегін толық түсінбесек, онда COVID-26 және COVID-32 болады", - деді ол.
Оның айтуынша, Қытаймен ынтымақтастық орнатпай коронавирустың пайда болуы туралы ақпарат алу қиын болады.
"Мамандар жануарларға, адамдарға, үлгілерге және зертханаларға кедергісіз қол жеткізу үшін Бейжіңге күшті қысым көрсету қажет, - деп қосты ғалым.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
