Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым Әбдеш Төлеубаев дүние салды

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев дүние салды. Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желіде жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Менің досым, еліміздің белгілі ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев өмірден озды. Әбдеш Тәшкенұлы тәжірибелі дала зерттеушісі және экспедициялық жұмыстардың тамаша ұйымдастырушысы бола білді. Археологиялық ескерткіштерді анықтау және зерттеу бойынша белсенді қызмет атқарды. Ғылыми кітаптар мен мақалалар жазып, артынан зор мұра қалтырды. Соңғы 20 жылда ол Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай тау бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді сәтті зерттеді. Әбдеш Төлеубаев әлемдік деңгейдегі жаңалықтарға иелік етеді. Ол алтыннан мыңдаған ерекше артефактілерді – ерте сақ дәуіріндегі ежелгі зергерлердің қолданбалы өнерін жинады", – деп жазды Даниал Ахметов. 

Әбдеш Төлеубаев 1953 жылы 15 қарашада Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ҚР Көркемөнер академиясының академигі болды. 

"Қазақтардың отбасылық ғұрыптарындағы мұсылмандық сенімге дейінгі белгі-бұйымдары", "Орынбор қазақтары (тарихи этнографиялық зерттеу)", "Қазақстанның археологиясы" кітаптарының; "Дала көсемдерінің қазыналары", "Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері" кітап-альбомдардың авторы.

Талқылау