Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламторда жедел тесттерді онлайн сатып алу ұсынылуда

Коронавирусты анықтауға арналған жедел тест сатып алу жайлы жарнама бүкіләлемдік ғаламторды жаулады. Өздерінің шынайы екендерін, тауарларды алған сатып алушылардың видеосымен нығайтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғаламторды пошта арқылы жеткізілген тауардың видеосынан бөлек, алданып қалған аңғал халықтың жанайқайы жазылған хабарламалары да аз емес. Олардың айтуынша, төлем жүргізілгеннен кейін компанияның телефондары өшіріліп тасталады екен.

"Евразия" арнасының тілшілері ғаламторда берілген нөмірлердің біріне хабарласып, тестті тек көтермелеп, 100 данадан бастап қана алуға болатындығын айтқан. 

Сатушы Қытайдағы өндірушілердің зауытымен тікелей жұмыс істетйінін мәлімдеді. 

"Мен кем дегенде 100 дана жібере аламын. Бір пакетінде 25 тест. Ол 4 қаптамадан тұрады, салмағы 1 келі болады. Мен саған бәрін жіберемін. Бізде арнайы сертификаттар бар. Мен сізге видео, төлқұжат, фотосуретті де жібере аламын. Маған 4000 доллар үшін адамдарды алдаудан пайда болмайды. Мен одан өзім ұтыламын. Негізінен тауардың басым бөлігін мен Ресейге жіберемін. Біз Қазақстан арқылы шекара ашық болған кезде тасымалдайтынбыз", - деді сатушы.

Бұл деректерді көрсете отырып, елдің ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жіберілді. Онда бізге зардап шеккендерден әлі ешқандай шағымдар түскен жоқ деп хабарлады, денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшарип, олар экспресс-тесттерді Қазақстанға осы аптаның соңында немесе келесі аптаның басында күтеміз деп түсіндірді.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр