Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламтор туралы қызықты 10 дерек

Stan.kz ғаламторға қатысты сіз білмеуіңіз мүмкін 10 қызықты дерек ұсынады.

Ғаламтор туралы қызықты 10 дерек

  1. Бүгінгі күні біз ғаламтор деп атайтын HTTP протоколы және HTML тілі ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық кеңестің (ЦЕРН) зерттеуінің жанама өнімдері болып табылады. Оны ұлы және қорқынышты үлкен адрондық коллайдерді ойлап тапқан адам құрды. Ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли 1989 жылы гиперсілтемелерді пайдалану арқылы ішкі құжат алмасу жүйесін жетілдірудің жолын ұсынды. Дәл осы кішігірім жобадан дүниежүзін жаулаған ғаламтор пайда болды.
  2. Әлемдегі алғашқы веб-сайтты 1991 жылы 6 тамызда Тим Бернерс-Ли құрды. Онда ғаламтор дегеніміз не, веб-серверді қалай орнату керектігі туралы және веб шолғышты (браузер), сондай-ақ басқа да анықтамалық ақпаратты қалай жүктеуге болатыны туралы мәліметтер болды. Соңында бұл парақша жоғалып кетіп, қол жетімді дербес көшірмелердің арқасында қайта табылды.
  3. Ғаламторды ойлап тапқаннан кейін төрт жыл өткен соң оны шамамен 50 миллион адам пайдаланды. Салыстыру үшін, телефон пайдаланушыларының осындай аудиториясын жинауға – 75 жыл, радиоға – 38 жыл, теледидарға – 13 жыл, Angry Birds ойындарына назар адаруға 35 күн ғана кетті.
  4. Алғашқы веб-камера 1991 жылы Кембридж университетінде кофеқайнатқышта орнатылған. Оның арқасында университет қызметкерлері кофенің қайнағанын біле алған. 128×128 пиксельді кескінді жазатын құрылғы желіге 1993 жылы қосылды. Сегіз жылдан кейін танымал кофе-қайнатқыш онлайн аукционда шамамен 1 128 120 теңгеге сатылды.
  5. Ал алғашқы жарнамалық баннер желіде 1994 жылы AT & T алып телекоммуникациялық компанияның аясында пайда болды.
  6. SPAM сөзі 1936 жылы пайда болды. Дәл осы маркамен америкалық компания «SPiced hAM» консервіленген ашты ет шығарды.Бұл өнімді екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сату үшін бұқаралық жарнамалық науқан өткізілді. 1986 жылы жаңа қаржы пирамидасын жарнамалайтын Дэйв Родс есімді азаматтың атынан ұқсас хабарламалар жариялана бастады. Ақырында біреулер осындай жіберілімдер мен консервіленген азық-түліктер арасындағы ұқсастықты тапты. Содан бері «спам» сөзі жаңа мағынада бекітілді.
  7. Телеарналардың сайттары тіркелетін .tv домені – com немесе org сияқты домендердің жалпы домені емес. Ол бастапқыда Океаниядағы Тувалу атты кішкентай мемлекетке тиесілі болды. Тувалу үкіметі доменді жылына 2 миллион доллардан аса қаражатқа пайдалану құқығын алды. Бұл осы мемлекеттің барлық табысының оннан бір бөлігі.
  8. Жаңа Зеландияның тынық мұхиты аймағында орналасқан Ниуэ мұхиттық аралында шамамен 1400 адам тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі маржанды арал саналатын Ниуэ аралының бүкіл аумағында ғаламтор тегін. Тұрғындар Wi-Fi арқылы ғаламторға тегін кіре алады. Тегін ғаламторды Ниуэден .nu доменін сатып алған компания қамтамасыз етеді. Мұндай домендер бірнеше еуропалық елдердегі сайттарға танымал. Себебі, швед, дат және голландиялық тілде nu сөзі «қазір» деген мағынаны береді.
  9. Адамдар қажетті ақпаратты іздестіру немесе қарым-қатынас жасау үшін сайттарды арты-артынан ашып, пайдаланып жатады. Сол себептен көпшілігі ғаламтор-трафиктің ең белсенді пайдаланушылары адамдар деп ойлайды. Бірақ, шын мәнінде олай емес. Желілік сұраулардың негізгі үлесі қызметтік мақсаттарды орындау үшін программистер құрған автоматтандырылған боттардан тұрады.
  10. Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг түс ажыратпаушылықтан (дальтонизм) зардап шегеді. Цукерберг жасыл және қызыл түстерді дұрыс ажырата алмайды, бірақ ол көгілдір түс пен соған байланысты түстерді жақсы қабылдайды. Сол себептен Facebook-тің дизайні көк түсті.

Тағы оқыңыз: Ғаламтордың пайдасы мен зияны қандай? 

 

Талқылау