Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалам бастапқыда қандай болған? "Джеймс Уэб" телескопының көмегімен түсірілген алғашқы суреттер жария болды

"Джеймс Уэбб" ғарыштық телескопының командасы үлкен жарылыстан кейін пайда болған ғаламның алғашқы толық түсті кадрларын жариялады. Олардың арасында алыстағы ғаламның ең терең және айқын инфрақызыл бейнесі бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews порталына сілтеме жасап.

"Алыстағы ғалам" дегеніміз кеңістіктің ең шеткі жағы. Олардан жерге дейінгі жарық 13 миллиард жылдан астам уақытта жетеді. Яғни суреттегі ғарыштан бүкіл тіршіліктің басында ғалам қандай болғанын көре аламыз.

“Бұл біздің үміттенген дүниеміздің нәтижесі болды. Бұл туралы біз 30 жыл бұрын армандаған едік. Ал менің осы жобаға қатысып келе жатқаныма 24 жыл болды. Бұл 20 жылдан бері созылып келе жатқан бағдарламаның алғашқы суреттері. Ғажайып сезім”,- деді  еуропалық ғарыш агенттігінен Марк Маккохрейн. 

NASA-ның бұрынғы директорының есімімен аталған Джеймс Уэбб телескопын өткен жылдың соңында еуропалық Ариан-5 зымыраны орбитаға шығарды. Ол бойынша жұмыс 90-шы жылдардың соңынан басталған болатын. Жобаның құны 10 миллиард доллардан асты.



"Бұл бейнелерді дәл қазір қақпаға салынған сурет деп атасақ болады. Алайда сол қақпалардың ашыла бастайтын күні алыс емес. Қақпалар ашылған сайын біз көбірек жаңалықтар алатын боламыз. Сондықтан жаңа жылға дейін бізде көрсетуге 30 есе көп деректер болады",- деп қосты Маккохрейн.

“Уэбб "орбитада 30 жылдан астам уақыт тұрған" Хаббл " аппаратын мүлдем жаңа техникалық деңгейде алмастыруға арналған. Астрономдар басты айнасы жетілмеген Хабблға қарағанда  жаңа обсерваторияның ерекше күңгірт нысандарды жақсы көретініне өте қуанышты екендерін айтады.

Талқылау