“Галактика сақшыларын” қазақшаға аударған шығармашылық топ тығырыққа тірелді (видео)
Қазақ тіліне аударылып отырған 19-шы голливудтік кинокартина “Галактика сақшылары”, шығармашылық топты тығырыққа тіреді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Фильм жанрының “жеңіл” болғанына қарамастан онда америкалықтарға тән әзіл мен бейәдеп сөздер өте көп. Ал оны қазақ тілі мен менталитетіне бейімдеу оңайға соқпаған. Дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаевтың айтуынша, олар аударманы барынша қазақ көрермендері үшін жатық етуге тырысқан.
“Фильмде батыс жұртына тән әзіл көп. Көрерменді күлдіру үшін кейде бейәдеп сөз тіркестеріне де үлкен салмақ түсіргені байқалады. Бұл аудармаға келгенде үлкен қиындық тудырды. Өйткені, оны сол күйінде аудара алмаймыз, мейлінше әдебилендіру керек. Персонаждар да әртүрлі. Біз редакторлар, әдеби сыншылармен келісе отырып, жүйелі аударуға тырыстық”, – деді Ордабаев.
Картинаны дубляждауға 35 актер 20 күн бойы жұмыс істеген. Көрерменге ерекше дауыстарымен танылған актерлер Тимур Пиязов (Питер Квилл), Гүлназ Әуесбаева (Гамора), Руслан Сенкебаев (Дракс), Бауыржан Қаптағай (Бала Грут), Ержан Жарылқасынов (Зымыран) және басқалары еңбек сіңірді.
“Галактика сақшылары. 2 бөлім” – Marvel Studios-тың кинокомикстерінің бірі.
Оқи отырыңыз:
Нұржан Керменбаев бала күнгі суретін көрсетіп, жұртты бір күлдіріп алды (фото)
Ерке Есмахан болашақ күйеуіне “ырбыңдамай тез келуді” бұйырды
Ділназ Ахмадиеваның купальникпен түскен суреті желіні шулатты

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
