Гаитиде 7,2 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 300-ден асты
Гаитиде 7,2 баллдық қуатты жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда.
Ел премьер-министрі "үлкен шығын" болғанын айтып, бір айға төтенше жағдай жариялады.
Гаити 2010 жылғы болған жойқын жер сілкінісінен әлі де қалпына келу үстінде.
Премьер-министр Ариэль Генри зардап шеккендерге көмектесу үшін мобильді топтың жасалқталғанын айтты.
Je viens de survoler, à basse altitude, la ville des #Cayes pour prendre connaissance de l’étendue des dégâts en vue de mieux canaliser les interventions d’urgence.#Haïti pic.twitter.com/QmYAgRhkQz
— Dr Ariel Henry (@DrArielHenry) August 14, 2021
"Ең бастысы үйінді астында қалған зардап шегушілердің қалыпқа келуі үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Біз жергілікті оның ішінде Ле Ке-де орналасқан ауруханалардың жарақат алған тұрғындармен толып қалғанын білдік", – деді ол.
Еске салсақ, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы – 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды. Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте. Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан. Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.
Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болды.