"Гаджетке қосуға болатын TV+": Елорда тұрғындары "Қазақтелеком” ұсынған қызметтерді таңдауда
“Қазақтелеком” ел аймақтарын ең қолжетімді әрі тиімді GPON технологиясына қосуын жалғастыруда. Жылдам желі Астана қаласындағы “Баспана" тұрғын үй кешенініне жетіп, тұрғындарды қуантты. Ал компания көп түскен сұраныстарға қарамастан үйлерді өтінім түскен сәттен 24 сағат ішінде қызметке қосып жатыр.
"Баспана" тұрғын үй кешені көпқабатты тоғыз блоктан тұрады. Осы үйлерде тұрғындар 94%- ға қоныстанып үлгерген. Осы ретте жаңа ғимаратта телекоммуникациялық қызметке деген сұраныс үлкен. Сондықтан "Қазақтелеком" көпшіліктің сұранысын жылдам әрі сапалы қанағаттандыруға тырысады. Мұны үйге жаңа көшкен тұрғындар да айтып отыр.
Мәселен, кешеннің тұрғыны Венера Базарханова бірден "Қазақтелеком” тарапынан ұсынылған нұсқалардың ішінен "Bereket" қызметтер топтамасын таңдағанын айтады. Сөзінше, бұл өте қолжетімді нұсқа. Себебі жылдамдығынан бөлек, түрлі қызметтерімен баға жағынан тиімді әрі қолайлы.
"Бұл қызмет топтамасында жылдам интернеттен басқа шексіз ұялы байланыс, басқа операторлардың нөмірлеріне қоңырау шалу, үйдегі телефония және цифрлық телевизия қызметтері бар. Оларды жеке-жеке қоссақ, ақысы анағұрлым қымбат болар еді. Маған әсіресе TV+ қызметі ұнайды. Онда танымал салалық арналардан басқа біздің, қазақстандық телеарналар көп. Біз оларды өзімізге ыңғайлы уақытта қарай аламыз", - деді Венера Базарханова.
Тұрғындардың дәстүрлі қызметтерге қарағанда TV+ қызметін таңдай түсуі бекер емес. Себебі мұнда эфирді қалауыңша басқарудан бөлек, экраннан алыстау қажет болса, трансляцияны кідіртуге болады. Бүгінде цифрлық телевизия платформасы 151 телеарна мен 5 онлайн кинотеатрды қамтиды. Ол Android пен IOS операциялық жүйелеріндегі құрылғылар үшін қолжетімді.
"Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Орталық аймағының В2С-сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова бұл қызметтің ыңайлылығына да тоқтала кетті. Айтуынша, мұнда телеарналарды көру үшін кез келген гаджетті таңдау мүмкіндігі де бар екен.
"Қызметті үнемі қолыңызда жүретін смартфон, планшет немесе Smart TV функциясы бар теледидарға қоса аласыз. Ең бастысы – үйде интернет желісі орнатылса болғаны. Сонда бір сигнал көзінен үйде бір мезетте бірнеше гаджеттен теледидар көруге болады", - деді Әлия Ескендірова.
TV + қызметіне жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланушыларға арналған пакеттік ұсыныстар аясында қосылуға болады.
Айта кетсек, жыл басынан бері елордада талшықты-оптикалық магистральға 80-нен астам үй қосылған. Оның 16 мыңнан астамы жылдам интернет желісіне қолжеткізді. Енді жыл соңына дейін компания бұл көрсеткішті 42 мың абонентке жеткізуді жоспарлауда.
GPON технологиясы – бұл абоненттің пәтеріне кабельді тікелей өткізіп, бір сым арқылы бірнеше байланыс қызметін алуға мүмкіндік беретін талшықты-оптикалық желі. Жаңа технология деректерді жоғары жылдамдықта беріп, абоненттерге үзіліссіз және кедергісіз жоғары сапалы қызметке қосылуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, желі шамадан тыс жүктелген жағдайда да сыртқы кедергілерге ұшырамай, ғаламтор үзіліссіз жұмыс істеуін жалғастырады.