Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаділбек Жаңай әкесінен айырылып қалды

Ғаділбек Жаңай асқар тауынан айырылды. Әншінің әкесі күні кеше өмірден озды. Суыт хабарды көпшілікке Тамара Асар жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Ғаділбек Жаңай әкесінен айырылып қалды

Тамара Асар Ғаділбек екеуінің бір рудан шыққан ағайын екенін айта кетті. Әншінің айтуынша, кезінде Ғаділбектің марқұм анасы өнерге қадам басқан ұлын Тамараға табыстаған.

“Апау”- деп маған келген уақытта мен 21 де, ол 17 де болды. Марқұм анасы өзі келіп маған “Өнердің жолында бір-біріңе бас көз болыңдар” – деп табыстырған бізді”, – деп еске алды әнші.

Тамара Асар Ғаділбектің өнерін жоғары бағалайтынын айта келе, күні кеше оның әкесі өмірден озғанын хабарлады.

“Маған хабарды басқалар xабарлап жеткізсе де, өзі “АПАУ” – деп звондағанда көзімнің жасын тыя алмай отырып қалдым. “Жақын-жуық, дос жаран естімей қалмасын” – деп, парақшаға жазып отырмын. Шүренбай әкейдің иманы саламат болсын, артының қайырын берсін, Ғадош мықтысың ғой, мықты бола түс! Тас түскен жеріне ауыр, барып та, жел батамызды оқып, көңіл білдіремін ғой, дей тұрғанмен қазіргі заманның әлеуметтік құралы арқылы, оқырмандар атынан да осы әулетке қарасты ағайындарға көңіл айтамын”, – деп бөлісті Тамара Асар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр