AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреу "тапсырыс" берген": Ғабидолла Әбдірахымов өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ғабидолла

Әбдірахымовтың сөзінше, ол құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама алмаған. 

"Шынымды айтайын, ешқандай іс туралы білмеймін. Мені ешқайда шақырған жоқ, бұл туралы айтпады да. Әлеуметтік желіде жазып жатқан мәлімет – бос сандырақ. Бұл істерге менің қатысым жоқ. Мұның не үшін жасалғанын да білмеймін. 

Арыз жазған адам – қарапайым кәсіпкер. Мен көптеген кәсіпкерлерді білемін. Бірақ ол кісімен жұмыс жасамадым. Басқа қарым-қатынас жоқ. Әрине, мен 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен бұл кәсіпкерлерді тек мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білемін", – деді Әбдірахымов. 

Ол ауыр қылмыс жасады деп айыптаудың өзі "ауыр қылмыс" екенін мәлімдеді. 

"Неге адамдар мұндай нәрсеге жол береді? Осы туралы жазған Козачков мырза менімен байланысқа шықпады. Тіпті Бас прокуратура да кеше ақпараттың жалған екенін айтты. Бірақ олар тыншылар емес. Меніңше, біреу "тапсырыс" берген. Алайда не үшін екенінен бейхабармын", – деп қосты ол. 

Ғабидолла Әбдірахымов қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұратынын, кәсіппен шұғылданып, "бірнеше жобаны қолға алғанын" айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр