Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

G-Park компаниясы рұқсат құжаттарын алмастан 7 тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр – Олжас Бектенов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірқатар өңірде нормативтік талаптардың бұзылуына байланысты проблемалық объектілер жылдар бойы аяқталмай келе жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gpark.kz

Олардың қатарына тағы да құрылыс нысандары қосылуы мүмкін.

“Бүгін елімізде 39 өте проблемалық объект бар. Мысалы, Ақтөбе облысында 11 объекті бойынша алданған үлескерлер 2 жылдан бері соттасып келеді.
Астанадағы "Араби-2 – Гранитный-2" тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалық нысан деп танылған. 200-ге жуық отбасы үйлерін ала алмай отыр”, – дейді үкімет басшысы.

Бектеновтің сөзінше, құжаттары дұрыс емес көптеген объектілердің құрылыс жұмыстары созылып кетуі мүмкін.  

“Елордада G-Park компаниясы рұқсат құжаттарын алмастан 7 тұрғын үй құрылысын жүргізіп келеді. Ал оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салған.
Атырау облысында мұндай объектілер саны – 39. Жалпы елімізде, өнеркәсіп министрлігінің деректері бойынша заңсыз салынып жатқан 340-тан астам тұрғын үй кешені бар”, – деп атап өтті ол.

Бұл – бірінші кезекте, әкімдіктердің тарапынан жіберілген кемшіліктердің салдары.

“Өнеркәсіп министрлігі өңірлермен бірлесіп, 1 маусымға дейінгі мерзімде салынып жатқан барлық объектілерге құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек. Ең бастысы барлық үйді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет”, – деп тапсырды Олжас Бектенов. 
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Dalanews және Dala Inside журналистеріне Астана қаласының бұрынғы мәслихат депутаты әрі G-Park құрылыс компаниясының иесі Ғабит Сатмағамбетовтің қысым көрсеткені жөніндегі шағымына пікір білдірді.

Талқылау