Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова ұлының концертінде егіз қыздардың тұсауын кесті (видео)

Гүлзира Айдарбекова ұлының концертінде егіз қыздардың тұсауын кесті. Продюсер мұндай қадамға жас ананың өтінішін жерде қалдырмау үшін барғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгін ойламаған жерден, Мөлдір және Маxаббат есімді екі бірдей балапандардың, тұсауын кесу маған бұйырыпты. Саxнаға шыққалы тұрғанымда, жап-жас келіншек келіп, шын ниетімен өтініп тұрғанын көріп, кері бұрылып кете алмадым. Алладан шын жүрегіммен сұраймын, екі періште нәрестемізге, Алла өмір беріп, еліміздің мықты азаматшасы болуды бұйыртсын деп. Аумин! Барша келер ұрпағымыз бақытты, ғұмырлы болсын!” – деп ақ тілегін білдірді Қайрат Нұртастың анасы.

Өз кезегінде Мөлдір мен Махаббаттың анасы продюсерге деген ризашылығын былай деп білдірді:

“Айтқаныңыз келсін, сіздің жүрегіңіз кең, ашық, қарапайым екеніне бүгін тағы да бүкіл ел тәнті болды. Алла Тағала екі дүниенің бақытын көруді жазсын. Қыздарымның тұсауын кескеніңізге сізге мың да бір рахмет. Аман жүріңіз”.

Желі оқырмандары да Айдарбекованың қарапайымдылығына тәнті болды.

“Күшті, бізге де сіздерді кездестіру бұйырса”, “Адам биіктеген сайын қарапайымдылығынан айнымау керек, жарайсыз”, “Сізді білмесем де, араласып көрмесем де өте қарапайым жан екеніңізді білемін. Алла разы болсын сізге”, – деп тамсанды олар.

Жіберіп алмаңыз:

Ғашық жігіттің рөлін сомдаған Бағлан Әбдірайымов елдің сынына ұшырады (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Бір топ бұзақылар Сәкен Майғазиев пен Жанболатты өлімші етіп сабап тастаған

Талқылау