Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғашық жігіттің рөлін сомдаған Бағлан Әбдірайымов елдің сынына ұшырады (видео)

Біраз уақыттан бері ел назарынан тасада болған “Жігіттер” квартеті жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. “Сен мені кінәләма” әнбаянында басты рөлді Бағлан Әбдірайымов пен “Қазақ аруы” байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова сомдаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Рүстем Арслановтың сөзі мен сазына жазылған жаңа ән баянсыз махаббат туралы әңгімелейді. “Жігіттер” тобының айтуынша, клиптегі оқиға шынайы өмірден алынған.

Бағлан мен Альмира аталған клипте ғашықтардың рөлін сомдайды. Сюжет бойынша, “Жігіттер” квартетінің серісі жасаған ағаттығы үшін кешірім сұрап, ғашығын көндіруге тырысады. Сүйген адамның кешірімді болатынын айтады. Бірақ қыз көнбейді.

Бұл ретте тыңдармандар салмақты қалыпта көріп үйренген Бағланның жаңа образына көз үйрете алмағандарын жеткізіп жатыр. Отбасылы болғандықтан, өзге қызбен бейнебаянға түскені үшін сынаған жандар көп болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Индира Расылхан күйеуінің арманын орындау үшін фильм түсірмекші (фото)

Роза Әлқожа інісінің отбасылық құпиясын ашып қойды

Талқылау