Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ бұзақы Сәкен Майғазиев пен Жанболатты өлімші етіп сабап тастаған

Сәкен Майғазиев Жазираның Жанболатымен жолдас болып жүріп, талай таяқ жедім дейді. Он шақты зіңгіттей жігіт, екеуін қан-жоса етіп сабап тастаған. Ал, Марат Оралғазин, жатақханадағы қыздардың балконына өрмелеймін деп, бесінші қабаттан құлап жазым бола жаздапты…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әлбетте, бұл ұмытылмас шақтарды жұлдыздар қазір жымиып қана еске алады. Бүгін – Халықаралық студенттер мерекесіне орай естеліктерімен бөлісті.

“Бір күні Жанболат екеуміз отырсақ, басқа бөлмеден дауыстар естілді. Сыртқа шықсақ, бір топ жігіт қыздардың есіктерін теуіп жүр. Жанболат екеуміз барып, ей сендер кімсіңдер деп білегімізді түріп, екеумізді быт-шыт қып сабағаны бар ма?! «Физкультурныйдың» жігіттері аямай, көк-ала торғайдай ғып сабап екеумізді, быт-шыт қылып, он шақты бала. Қайдан білейін, Жанболаттың күшіне сендім ғой мен”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Сәкен Майғазиевтің таяқ жеуінің бас-аяғы бұл емес. Студенттік досы Жанболат Ербатыровпен жүріп, қан-жоса төбелестің талайын көрген-ді.

“Жанболаттың туған күнінде міндетті түрде төбелес болатын. Бір күні шештік, Жанболат давай еш жерде тойламаймыз, өзіміз жатақханада өзіміз ғана отырайықшы, екі жыл қатарынан төбелес болып келе жатыр ғой, сенің туған күніңде, енді осы үшінші жылы өзіміз ғана отырайықшы деп, өз-өзімізбен төбелесіп қалғанбыз”, – деп еске алды Майғазиев.

Қазақстан Британ университетінің грантын жеңіп алған, «Ринголық» Аян Бірбаевты оқудан шығып жіберген екен.

“Көбінесе бармай қаласың ерініп, ұйықтап қалып деген сияқты. Одан кейін, емтихан уақыттары болған кезде жатақханаға барасың, кәдімгідей пішінәңді бірнәрсеңді арқалап барасың. Қыздарға ақырындап, жұқалап қыздар маған мына жерді айтып жіберіңдерші, мына жерді көмектесіп жіберіңдерші деп”, – дейді “Ринго” тобының әншісі Аян Бірбаев.

Жеті жыл бойы Қазақ Ұлттық Университетінің үздік әрі белсенді студенті болған, Марат Оралғазиннің де «бүлдіргені» көп.

“11-ден кейін жатақханаға кіргізбейді. Жамылғымен, жаймамен 5-қабатқа көтеріліп, қыздармен түні бойы гитара ойнап, ән айтатынбыз. Ол қауіп емес, керісінше адреналин ғой”, – дейді Марат Оралғазин.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз Әбдікәрімова келін болып түскенде қандай сынақтан өткенін айтты (фото)

Желідегілер Бақытбек Есентаевтың жас кездегі сымбаттылығына қайран қалды

Ернар Айдар: Жұбайымды ел алдына шығармаймын, ертіп те жүрмеймін

“Оралман” фильмі Германияда арнайы жүлде алды

Талқылау