Ернар Айдар: Жұбайымды ел алдына шығармаймын, ертіп те жүрмеймін

Дүйсенбі, 20 Қараша , 2017 12:35

Үйлендім мен! Бұл әннің орындаушысы Серік Ибрагимов болғанымен, бүгінде аталмыш тректің атауы Ернар Айдардың өмірлік ұстанымына айналған.

Иә, бұдан былай Ернар отағасы атанғаны жайлы жасырмайды және журналистермен жүздесуден бас тартпайтын болыпты. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші жігіт, отбасылық өмірдің қызықтары жайлы алғаш рет тіл қатты.

«Үйленген жақсы екен. Келін түсіргенде барлық ата-ана қалай рахаттанса менің әке-шешемде дәл сондай күй кешіп жүр. Әкем де, анам да, мен де, ағаларым да, жеңгелерім де өте қуанышты. Сол себепті келін үйдегілерге ұнап жатыр», – дейді күйеу жігіт.

Бүгінде ақ құсын қолына қондырған Ернар, алғашқыда үйленгені жайлы қалың тыңдарманға тіс жармаған еді. Тіпті, Таразда өткен дүбірлі тойда, жұлдызды қонақтарға «жас жұбайлардың фотосын» желіге салмауды өтініпті-мыс. Бірақ, әнші жігіттің өз ақиқаты бар.

«Ел солай деп айтып жатыр ғой. Бірақ, мен жасырған жоқпын. Ол жерде барлығы біліп отыр. Той болардың алдында біліп қойған. Бірақ, арнайы жариялағым келмеді. Мұндай заманда өмір сүріп жатқаннан кейін жасыру мүмкін емес. Елге танымал адам болғаннан кейін, сенің не істеп жүргеніңді бақылап отырады. Сондықтан, барлығы басылып, той өткеннен кейін дүйім жұртқа айтамын деп ойлағанмын», – дейді Ернар Айдар.

Бір қызығы, жұбайларын жұрттан жасырған әнші жігіттер, сүйіктілерін қазан айында қатар таныстырған болатын. Бірінші Қайрат Нұртас, екінші Төреғали Төреәлі… Ал, Ернар Ай дар Төрештің тойы күні тікелей эфирде өмірлік жарын көпшілікке көрсеткен еді. Бұл әріптестер арасындағы бәсеке ме, әлде сәйкестік пе?

«Біз әнсапарда жүргенбіз. Ол кезде тойым өтіп кеткен болатын. Тура сол кезде маған хабарласты сені «Тікелей эфирге» шақырып жатыр деп. Содан кейін әрине мен барайын, сұхбат берейін дедім. Бірақ Төреғалидың тойы күні болатынын мен білген жоқпын. Содан кейін ғана біліп, ұшаққа билеттер қарастыра бастадық. Өйткені, Төреғалидың да тойына келуіміз керек қой. Сондықтан, бұл жағдайды сәйкестік деп ойлаймын. Ешкім арнайы тура сол күнге жоспарлаған жоқ», – дейді Ернар.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдкәрімова бүгінде жұлдызды жұптардың тізімін толықтырса, Төреғали жұбайы Толқынды бұдан былай көпшілік көзінен тасада ұстайтынын айтқан еді. Ал, Ернар Төрештің қадамын қайталауға ниетті сияқты…

«Мен негізі жеке өміріме араластырғым келмейді. Тек көпшілікке өнерімді көрсетемін. Жеке өмірім туралы көп сөйлегім де келмейді. Жария қылғым да келмейді. Жұбайымды халық алдына шығармаймын. Ертіп те жүрмеймін. Ең дұрысы үйде отырғаны жөн болар деп ойлаймын», – дейді Ернар Айдар.   

Оқи отырыңыз:

Әли Оқапов: Анам әлі күнге дейін барлық үй шаруасымен өзі айналысады

Жұлдыздар көпшілік біле бермейтін қорқыныштары туралы айтып берді

Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауының финалына жолдама алды (фото)

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет күйеуге шықпайтын болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар