Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова немерелерінің концертке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Бүгін – Қайрат Нұртастың отбасы үшін ерекше күн. Себебі дәл бүгін әншінің өзінен бөлек, отбасы, оның ішінде балалары түгел сахнаға шығады. Бұл орайда Гүлзира Айдарбекова немерелерінің үлкен концертке қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айдарбекова екінші немересі Алаудың биге дайындалып жатқан сәтін желідегі парақшасына жүктеді.

“Негізі, ең үлкен немереміз, Сезім атасының қызы. Бірақ есімін Сезім деп өзім қойып едім, бала атына қарап өседі дегендей, өте сезімтал, нәзік болып өсіп келеді. Ал 2-ші немереміз Алау, менің жеке меншік қызым. Оған ешкімнің таласы болған емес. Туыла салысымен бауырыма басып, жұрттың жанарын қарып кететіндей, көзінен нұр шашып, жалындап тұрған қыз болып өссін деп, есімін Алау қойдым. Қыз бала арманым болып, не туған сіңілім не қызым болмағандықтан, есімдерін өзім қойғанымда да, қыз бала арманы еді ғой деп, ешбірі қарсы келмей, қуанышыма отбасым түгел бірге қуанды.

Бәрінің таң қалатыны, осы қызымның бойындағы мінезін, қимылын, әрбір қылығына дейін, бәрі аумаған Гүлзира апасы дейтіндері рас. Өзімде, көбіне қылығына қарап, өзімнің титтей кезімдегі қылығымды айнадан көргендей сезімде боламын. Мінекей сол Алау қызымның ертеңгі концертімізге дайындығы үстіндегі сәттен. Әкесінің концертіне үлес қосу үшін, шын ниеттерімен талпынып жатыр,құлынымның құлындары сол. Алла, балапандарыма ұзақ әрі мәнді өмір берсін! Байқап қарасаңыздар, жасыл шалбардағы, менің Алауым”, – деп жазды ол.

Желідегілер Алау Қайратқызының биіне тамсанып, отбасылық концерттің сәтті өтуін тіледі.

Айта кетейік, концерт 19 наурыз күні Астанадағы Орталық концерт залында, ал 22 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

Тамара Асар: Бір жарым жасар ұлым афроамерикандықтардың мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп жүре беретін

Махаббат бойға қарамайды: Әнші Азамат Есеевпен танысуды армандайтын қыздар оған маза бермей жүр

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтаған Әли Оқапов жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау