Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махаббат бойға қарамайды: Әнші Азамат Есеевпен танысуды армандайтын қыздар оған маза бермей жүр

Әнші Азамат Есеев бойының 1 метрден аспайтынына қарамастан, хит әндер орындап, қыздардың жүрегін жаулап жүр.

Бұл туралы “Экспресс К” басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әртістің тойда өнер көрсеткен видеосы YouTube порталында 1,8 миллион қаралым жинаған.

«Менің бойыма байланысты қиындықтар туындайтынын 4 жасыма дейін ешкім білмеген. Айта кетсем, мен университетте физик-технолог мамандығы бойынша білім алып, оқуымды қызыл дипломмен тәмамдадым», – дейді Азамат.

Азаматтың достары көп әрі еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген бойжеткен онымен танысуды армандайды.

Әртістің әріптестерінің айтуынша, ол бойының қысқалығы үшін қымсанбайды, жан-дүниесі кең әрі өмірге көзқарасы жарқын. Азамат ата-анасына үй салып беруді армандайды. Сондай-ақ, ол – иманды жан, үнемі Жаратқанның мейірімі шексіз екенін айтып жүреді.

Оқи отырыңыз:

Сәкен Майғазиев: Кең көйлек, көкпеңбек дипломмен «гүл» болып тұрған мені кім таныды?

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтаған Әли Оқапов жұрттың жүрегін елжіретті

Төреғали Төреәлі: Қазақ тілінде сөйлеу – міндетім

Қазақстандық әнші Ресейдің танымал шоуында өнер көрсетіп, төрешілерді таңғалдырды (видео)

Талқылау