Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Кең көйлек, көкпеңбек дипломмен «гүл» болып тұрған мені кім таныды?

Әнші Сәкен Майғазиева желідегі парақшасында студент кезінде түскен суретін жариялап, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сәкен Майғазиева Instagram желісіндегі парақшасында 1996 жылы Республикалық цирк және эстрада колледжін тәмамдаған кезінде түскен суретін жариялады.

«Кең көйлек, көкпеңбек дипломмен «гүл» болып тұрған мені кім таныды? 1996 жыл», – деп жазды әнші.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары сүйікті әншілерін бірден тауып алды.

«Мен таныдым. Жарқырап тұрсыз ғой», «Әкеңіздің жейдесін киіп алғансыз ба?», «Құрдас, диплом құтты болсын! Ол кездегі жастар басқаша еді. Аға-әпкелерінің киімін киіетін», «Сізді танымау мүмкін емес», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтаған Әли Оқапов жұрттың жүрегін елжіретті

Төреғали Төреәлі: Қазақ тілінде сөйлеу – міндетім

Қазақстандық әнші Ресейдің танымал шоуында өнер көрсетіп, төрешілерді таңғалдырды (видео)

«Астана» футбол клубы отандық жұлдыздармен бірге бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау