Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана» футбол клубы отандық жұлдыздармен бірге бейнебаян түсірді (видео)

Нұржан Керменбаев, Луина және Қайрат Баекенов елордалық «Астана» футбол клубын қолдау мақсатында футболшылармен бірге бейнебаян түсірді, деп хабарлайды футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: “Астана” ФК баспасөз қызметі

Футболшылар мен өнер жұлдыздары бірігіп  «Бірге» әнін жазған.

Екі тілде орындалатын әнді қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұржан Керменбаев, Луина және Қайрат Баекенов шырқады.

Әншілер клуб ойыншыларына еуропалық клубтық турнирлерде жеткен жетістіктері үшін алғыс айтып, ән орындады. Әнұранды жазуға отандық әншілер ғана емес, футболшылар да атсалысқан.

«Астана, жарайсыңдар! Ойындарда болдым. Көңіл-күйді айтып жеткізгісіз. Керемет», «Тамаша гимн! Маған ұнады», «Әлемдегі ең үздік клуб. Тамаша», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Айман Мұсақожаева Шанхайда концерт беріп, залды лық толтырды

«Анаға апарар жол» фильмі БҰҰ-дағы кинофестивальде жүлдеге ие болды

Баян Алагөзованың «Қазақ аруы» байқауында жеңіске жеткен 7 ару қайда жүр?

Моңғол тілінде әр орындаған Мәдина Сәдуақасова залды шулатты (видео)

Талқылау