Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айман Мұсақожаева Шанхайда концерт беріп, залды лық толтырды

Бүгін Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Шанхай филармониясының шақыртуымен Шанхайда концерт берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Аталған шараның ұйымдастырылуына «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР-ның Шанхайдағы Бас консулдығы қолдау көрсетті.

Айман Мұсақожаева Шанхай филармониясы оркестірінің аккомпонентіндегі «Cadillac Shanghai Concert Hall»-да өнер көрсетті. Әншінің өнері қытайлық көрерменнің зор ықыласына ие болды. Мұсақожаеваның әнді орындау шеберлігіне қытайлық тыңдармандар тәнті болды.

Кеште Айман Мұсақожаева П.И.Чайковскийдің күрделі скрипкалық туындысын орындады. Отандасымыздың өнерін эмоционалдық қарқын, музыкалық туындының күрделі мәнерін бере білуі ерекшелендіре түседі.

Сондай-ақ, Айман Мұсақожаева Е.Г.Брусиловскийдің «Бозайғырын» орындап, көпшіліктің құрмет-қошеметіне бөленді.

«Біз осындай шараларды көптеп өткіземіз. Бірақ бұл жолғысы жоғарғы шеберлігімен, П.И.Чайковскийдің классикалық музыкасының тартымдылығымен көптің есінде қалары даусыз. Шанхай филармониясының басшылығы бірлескен мәдени шараларды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты ары қарай дамытуға мүдделі», – деді Шанхай филармониясы департаментінің директоры Пан Ин.

Айта кетсек, концерттің билеттері бір апта бұрын толығымен сатылып кеткен екен. Концерте қызығушылық зор болғандықтан, ұйымдастырушылар көрермендер үшін қосымша орын әзірлеген.

Конертке дейін Айман Мұсақожаева Шанхай музыкалық консерваториясының (Shanghai conservatory of music) ректоры Лин Цзайюнмен кездескен. 2018 жылдың қараша айында Айман Мұсақожаева мен ҚазҰӨУ студенттерінің концертін өткізу бойынша алдын ала келісім жасауға қол жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

«Анаға апарар жол» фильмі БҰҰ-дағы кинофестивальде жүлдеге ие болды

Баян Алагөзованың «Қазақ аруы» байқауында жеңіске жеткен 7 ару қайда жүр?

Моңғол тілінде әр орындаған Мәдина Сәдуақасова залды шулатты (видео)

Мәдина Сәдуақасованың өнеріне тәнті болған Моңғолия халқы әншіге ұлттық киімдерін кигізді (видео)

Талқылау