Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова «Гүл құшақтағанша немереңді құшақтамайсың ба» деп айтқандар болды

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жуырда ұлының 10 жыл бойы елден жасырған құпиясын ашатынын айтқан еді. Әншінің продюсер әрі анасы осы уақыт аралығында көп қиындық көргенін, сол себепті құпиясын сұхбат беріп жариялай салмайтынын жеткізді.

aidarbekova_2

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Осыншама жыл қаншама адамдар: «Гүл құшақтағанша, немереңізді құшақтамайсыз ба?» – деп айтып келді маған. Бірақ біз енді ғана бір жобаны қолға аламыз деген кезде журналистердің өздері құртады. Үйді аңдып жүреді, тағысын тағы. Сосын соларға ерегісіп, «ал енді мүлдем ештеңе айтпаймын» деп отырып аламын. Кішкене басылған соң тағы бірдеңе жасайын деген кезде қайтадан бастайды. Ал енді мен бұл дүниенің бәрін жай ғана бағдарламаға не журналға сұхбат беріп айта салмаймын. Мен оны басқаша керемет дүние етіп шығарамын дегенмін. Сол ойымда тұрамын, өйткені мен 10 жыл аз қиналған жоқпын. Осы тақырыпта қаншама адамнан сөз естідім. Бұл сөзіме біреулер түсіністікпен қарайды.

Асықпай алдағы жазды күтіңіздер. Жазда түсіреміз. Оны 2-3 ай түсіресің, 2-3 ай монтаждалады, тағы кинопарктен орын аласың. Сонымен берілетін уақыты келесі күзге барып қалады. Керемет дүние ойлап тауып жатырмын. Алла қаласа, сол ойым іске асса нұр үстіне нұр. Алла амандық берсін. Құдай Қайратымды, өзімді аман қылса, ол ниетімізге де жетеміз деген ойдамын», – деді Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай «Мисс Қазақстан» байқауына қарсы шықты

Ділназ Ахмадиева сахнаға шықпас бұрын ішімдік ішіп темекі шегетінін мойындады

Мөлдір Әуелбекованың ұлына қандай есім бергені белгілі болды

Елдің дауына айналған атышулы “Келін” фильмі Үндістанда көрсетілмек

Талқылау