Гүлзира Айдарбекова: Мен ботокс салдырып көргенмін
Гүлзира Айдарбекова өзін “Пластикалық ота жасатқан” дегендерге жауап берді.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.
Бірнеше ай бұрын жұр “Қайрат Нұртастың анасы пластикалық ота жасатты” деп шулаған-ды. Алайда продюсердің өзі ешбір отаның көмегіне жүгінбегенін айтып отыр. Десе де, ботокс салдырғаны рас екен.
“Мен пластикалық ота жасатқан емеспін. Бірақ бәрі “жасатқан” деп жатады. Енді ботексті кім салдырмай жатыр?! Қазір оны барлығы салдырады. Бір ботекс алты-ақ айға ғана жарайды. Салғаннан кейін күлсең, көзің күлмей тұрғандай болады. Соны салдырып көргенмін. Біз халықтың алдына шығып жүргендіктен, өзімізге қарауымыз керек. Біреу “Ақшасы бар ғой. Неге өзіне қарамайды екен?” дейді, енді бірі “Оған не керек екен?” деп жатады. Әркім әртүрлі пікір білдіреді”, – дейді Гүлзира Айдарбекқызы.
Продюсер құрбылары медицинаның көмегімен бет-әлпетін өзгертіп жатқандықтан, өзі де болашақта пластикалық ота жасататынын айтты.
“Қазір мен салдырған ботекстің күші кетіп қалды. Жақсылап қарасаңыз, мына көзімнің айналасында ірі-ірі қыртыстар тұр. Оны макияжбен жауып қоямыз. Ал ботексті қайтып салдырайын десем, күлгенге қасың көтеріліп, көзің айналадағыларға басқаша көрінеді. Беттің қимылы жоғалған кезде, мені пластикалық ота жасатты деп ойлады. Алайда болашақта пластикалық ота жасатсам деген ойым бар. Жуырда құрбым осы отаның көмегімен мұрнын әдемілеп алды”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Анасы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын айтты
Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі
Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек
Танымал сазгер 91 тобының әніне «жоғары», Қайрат пен Төреғалидің әніне «төмен» баға берді