Айдарбекова: Ендігі арманым күйеуімді актерлық, әншілік жағынан таныту
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков жақында киноға түсті. Сиви Махмудидің «Соқыр махаббат» деп аталатын фильмінде жаттықтырушының образын сомдаған Айдарбеков осымен үшінші рет киноға түсіп жатқанын, бұл сала жанына өте жақын екенін айтты Stan.kz тілшісіне.
Ал оның танымал келіншегі болса ұлы Қайратты барша Қазақстанға танытқан тәжірибесіне сене отырып, күйеуінің өнердегі бағын ашуға бел буып отыр. Яғни алдағы уақытта Нұртас Айдарбеков деген жаңа актер көрермен назарында болуы әбден мүмкін.
«Енді қандай істің болмасын қиындығы болады. Ренат балам мен Сиви ұсынған соң, мен бар күшімді салдым. Халық бағасын бере. Бапкердің рөлін сомдадым. Дұрыс шыққан сияқты. Бұл кинода Ренатты көшеден тауып алып спортқа баулимын. Бірақ кейіннен оны төрт жыл бойы таппай қаламын. Тәртіпсіз балаларға қосылып кетеді ғой сюжет бойынша»,-дейді Нұртас Айдарбеков.
Танымал әншінің әкесі осыған дейін түскен киноларын есіне алып, өзінің туған бауырлары өнерлі азаматтар екенін айтып өтті.
«Мен енді Қайраттың «Өкініш» киносында ойнадым. Жалпы өзімнің отбасымызда тоғызбыз. Менің үлкен ағам 74 жаста, ол Аматыда кансерваторияны бітірген. Екінші ағам Шымкенттегі музыкалық училищені бітірген әнші. 1977 жылы болса керек, нақты уақыты есіме түспей тұр. Менің ағам Түркістанда мәдениет үйінің директоры болатын.
Сонда Оразбек Бодрух «Қанжар мен домбыра» деген спектакльді жарыққа шығарды.
Ағам бас режиссер болып мені кішкентай бір баланың рөліне ойнатты. Сол кезде ағамнан үйренгенім бар, актерлікке оқып, білім алғаным жоқ. Сол қойылымда отбасымыздан төрт адам бірдей түрлі образдарды сомдаған болатынбыз.Содан бойымда қалған ба білмеймін. Барынша тырысып ойнадым. Кино жарыққа шыққаннан кейін халық бағасын беріп жатар»,-деді Нұртас Айдарбеков.
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуінің арнайы білім алған актерлерден еш кем түспейтінін айтады. Тіпті, кей актерлерге қарағанда Нұртас Айдарбековтың қабілеті зор деп отыр.
«Нұртастың ойнағаны өзіме ұнайды. Өзі үш жасынан бастап театрда ойнаған. Сонда барлығын жылатып ойнаған актер болыпты. Актерлік бойында, қанында бар. Ондай актерлық қабілет Қайратта да бар. Сондықтан біз бейнебаян немесе киноға түсірерде еш қиналмаймыз.
Бірден алып кетіп жатады. Бұл әкесінен дарыса керек»,-деп болжады продюсер.
Гүлзира Айдарбекова ұлын әншілік жағынан Қазақстан тұрмақ өзге елдерге танытқанын айта отырып, енді күйеуін «көтеретінін» айтып қалды.
«Мен Нұртастың жан дүниесін түсінемін. Ол қаншама ізденеді. Айтқысы келеді. Өнер ішін жарып тұр. Армандайды. Сол 23 жасында маған үйленді. Артынша Қайрат туылды. Ол кезде әншілік шарықтап тұрған кез емес. Нұртас «қайтсем баламды өсірем, қайтсем асыраймын, қайтсем балаларымды көтерем» деп ойлады. «Қайтсем үйіміз болады, қайтсем көлігіміз болады» деген күйбең тірлікпен өз арманын орындай алмады.
Ал енді неге шықпасқа? Ресейде үлкен адамдар да сахнада жүр. Ал бізде «балаңмен жағаласып» деген әңгімелер айтылады. Егер даусы болып жатса, халық қолдап жатса неге айтпасқа әнін. Әр әннің өз деңгейі, тыңдарманы болады. Бізбен қатар адамдар Қайраттың емес, Нұртастың әнін сұрайды. Нұртас өзі «маған атақ, данқ керек емес» дейді. Ол өзі қаламаса да мен армандаймын. Біз үшін оның бар арманы қалып қойды.
Мені арманыма жеткіземін деп өз арманын құрбан етті. Қайратты аяққа тұрғызу үшін бар қаржыны салған осы әкесі. Енді біз Қайрат екеуміздің кезегіміз. Уақыт көрсетеді. Бірақ, әнші болса да актер болса да қарсы емеспін. Бұл менің арманым. Актерлық қабілеті қалып қоймаса екен деймін»,-деді Гүлзира Айдарбекова.
Оқи отырыңыз:
Жазира Байырбекованың анасы: Жазира бірде ағасының басын темірмен ұрып, жарып қойған (фото)
Жан Ахмадиев: “Темір қатын” туындысын шоу-бизнестегі тәрбиесіз әйелдерге арнаймын
Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім
Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым
Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын
Кентал: Туған күнімді тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады (фото)