Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Гүлнұр Оразымбетова отандық бағдарламалардың бірінде жұрттың көкейінде жұрген “ащы” сауалдарға жауап берді. Алғашқы сұрақ әншінің өмірлік серігіне қатысты қойылды. Себебі, жұрт Оразымбетованың өзінен жасы үлкен азаматпен көңіл қосқанын жақсы біледі. Мұнымен қатар, ол жұртты шулатқан 67 мың доллардың сақинасын сыйға алмағанын жеткізді.

12749795_850858031708893_2031567133_n

Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/

Бұл туралы Хабар арнасының “Компромат” бағдарламасында айтылды.

Гүлнұр Оразымбетова туралы ел аузында әңгіме көп. Көпшілік оның жеке өміріне қызығушылық танытып жатады. Осы орайда, журналистер бағдарламаны жолдасы туралы сұрақтан бастады.

– Гүлнұр ханым, жолдасыңызды көрсетпеуіңіздің себебі неде? Бәйбішесі мен бала-шағасы өкпелемесін дейсіз бе?

– Менің жолдасым көрінбейді деп кім айтты сізге? Ол – халық алдында жүрген кісі. Үнемі көрініп жүреді. Зарина ханым, сіз бәлкім жолдасым екеуіміз осы секілді сұрақтарға ашық жауап беріп, қатысқан бағдардамаларды көрмей қалған шығарсыз?!

– Бағдарламалардың бірінде “Жолдасым маған 67 мың доллардың сақинасын сыйлады” дедіңіз. Бұл мақтанғаныңыз ба?

– Қыздар, біріншіден, ол маған 67 мың доллардың сақинасын сыйлаған емес. Дәл сол бағдарламаны маған алып келіп көрсетіңізші. Оның ең қымбат сыйлығы сақина да емес. Өзім есепке жүйрік адаммын. Қай затымның қай жерде тұрғанын жақсы білемін. Бірақ, 67 мың деген сан маған келген сыйлықтардың ішінде жоқ. Ал маған сыйлаған ең қымбат сыйлығы – көлік. Мұны жолдасыма туған күніне үлкен қызы Әсел сыйлады. Ол кісі қымбат сыйлық мінбейтінін айтып, оны маған тарту етті.

– Төреғалимен хит “жазғыштардың” қатарында сіз де барсыз. Тіпті, әкесі бір бағдарламада сізді де осы тізімге қосқан еді. Дуэтті танымал болу үшін жаздырдыңыз ба?

– Негізі біздің дуэтіміз жаңағы әңгіме шыққанға дейін жазылған. Біріншіден, Төреғали кішкене бала күнінде менің тыңдарманым болған. Оның үстіне, Байқоңырда бір ел мен жердің ауасын жұтып, суын іштік. Байқоңырдағы концерттерімде Төреғали алдымда аузын ашып жүретін. Дуэт жазу – біздің ортақ шешіміміз болды.

– Бұрынғы көйлектеріңізді жұртқа сыйлайсыз ба, әлде тегін таратасыз ба?

– Киілген көйлектерімді қайда жіберетінім туралы көп ойланамын. Аукцион ұйымдастырып, ауру балаларға көмектесу туралы ойланып көрмеппін. Бірақ, соңғы екі жылда киілген көйлектерімді жетімдер үйіндегі 11-сынып оқушыларына сыйлап жүрмін. Осылайша, 4-5-тен 10-15 көйлегім кетті.

– Жолдасыңыз – саяси тұлға. Ол кісімен терезелеріңіз теңдей әңгіме айта аласыздар ма? Әлде кейде комплекстер бола ма?

– Негізі ол кісі мені таңдаған кезде, менің отбасымнан, әжемнен алған тәрбиеме қызықты деп ойлаймын. Сол себепті, біздің әңгімеміз жарасады. Ол кісінің әңгімесіне еріп, әрдайым қолдаймын. Соңғы уақытта менің тарапымнан ол кісіге ұсыныстар көп түсетін болды. Оның үстіне, біз әрдайым елімізде, әлемде болып жатқан саяси оқиғалардан хабардар болып отырамыз. Осылайша, балаларымыздың дұрыс тәрбие алып, болашақтарын ойлауға да уақыт табамыз.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді

Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

Жұрт кілемді қолмен жуған Жазираның қарапайымдылығына қайран қалды (видео)

Талқылау