Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның тарихын көрсететін фототүсірілім жасады (фото)
Гүлнұр Оразымбетова қазақ елінің кешегісінен бүгінгі бейнесіне дейінгі кейпін суреттеп, бас-аяғы 12 фотодан тұратын көрме әзірледі.
Фото: Игорь ЮГ
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аталған көрмені әнші ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту еткен болатын. Көрме былтырғы жылдың соңында ел назарына ұсынылды. Ал ондағы ерекше суреттер желіде бүгін пайда болды.
“Иә, бұл күнге де жеттік! Бүгінгі өздеріңізге ұсынылған фотосет Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып жасалды. Қазақ xалқы басынан қаншама зұлмат заманды өткізді. Маған да мұндай образдарды жасау оңай болған жоқ! Бірақ… Бірақ, осының бәрін ата-бабаларымыз басынан өткізді ғой. Баласына бір үзім нан тауып бере алмай, аштан қырылды ғой. Жазықсыз жала жабылып, түн ортасында ұйықтап жатқан жерінен оятып алып кетіп, талай азаматтарымыз қайтып оралмады ғой. Қазір қарасақ, бәрі шындыққа жанаспайтын сияқты. Бірақ ол кез тариxта қанды бояумен жазылып қалды. Фотосеттің мақсаты да сол өткенді ұмытпай, болашаққа ата-бабамыздың қанымен келген тәуелсіздігіміздің Көк Туын биік ұстап, нық қадам басуға үндеу болатын! Әр атқан бейбіт таңымызға шүкіршілік етейік, ағайын”, – деп жазды әнші.
Назарларыңызға Гүлнұр Оразымбетованың әртүрлі кейіпте түскен суреттерін ұсынамыз.
Көшпенділер
Ашаршылық жылдары
Репрессия
Карлак НКВД
Зұлмат соғыс
Семей полигоны
КСРО
90-жылдар
ЭКСПО-2017
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Бұрынғы күйеуіме ешуақытта дауыс көтерген емеспін
Қайрат Нұртас өнердегі сүйікті ағасымен көптен күткен бейнебаян түсірді
Мейрамбек Беспаев комедия жанрында мюзикл әзірлеп жатыр
Сәкен Майғазиев құны 80 мың доллар болатын көлігін көрсетіп мақтанды (фото)