Гүлнәз Жоланова Кореяға не үшін барғанын айтты
Күні кеше жұрт “Гүлназ Жоланова Кореяға мұрнына пластикалық ота жасату үшін кетті” деп шулаған-ды. Алайда аталған елге актриса басқа мақсатпен барған.
Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Гүлназ Жоланова аталған елге не себепті барғанын өзі айтып берді. Дәл қазір актриса Корея емдеу орталықтарының бірінде косметологиялық процедуралар жасатып жатыр. Сөзіне сенсек, пластикалық ота жасату ойында да болмаған. Тек бет терісін тазартып, оған ерекше күтім жасағысы келген екен. Ал Кореяда ем алуға құрбысы кеңес берген.
Жоланова мемлекеттегі сапалы ем жасайтын салондар туралы мәлімет беретін орталықтың көмегіне жүгініп, артынша Канг Джон Им есімді косметолог маманға қаралуды жөн көрген. “Бетіме жасаған процедуралардан кейін терім сәбидікіндей жұмсақ күйге енді. Жақында жақсы жаңалықтарыммен бөлісетін боламын”, – дейді актриса.
Актриса емделіп қана қоймай, Корея мемлекетінің ең көрікті жерлерін аралап үлгерген екен.
2014 жылы Маңғыстау облысының атынан барған Гүлназ Жоланова “Қазақ аруы” байқауының жеңімпазы атанған болатын. Небары 20 жастағы ару – Ақтаудағы экономикалық лицейдің түлегі. Ол «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында басты рөлді сомдады. Бұдан өзге «17+» телехикаясына түсіп, көрермендер көзайымына айналды.
Оқи отырыңыз:
“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар
Актриса Гүлнәз Жоланова байқау ұйымдастырып, жеңімпазды бір күнде анықтады