Актриса Гүлнәз Жоланова байқау ұйымдастырып, жеңімпазды бір күнде анықтады
“Қазақ аруы-2014” байқауының жеңімпазы Гүлнәз Жоланова өзінің инстаграмдағы парақшасында байқау ұйымдастырып, жеңімпазға сұлулық байқауына үш билет сыйға тартты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Былтыр “Қазақ аруы-2015” байқауының жеңімпазына алтын тәжді табыстаған ару инстаграмдағы парақшасында байқау ұйымдастырған. Байқау шартына сәйкес төмендегі суретке креативті атау берген жеңімпазға сұлулық байқауына 3 билет табысталуы тиіс.

Наурыздың 15-і күні басталған байқау аяқталып та үлгеріпті. Әлеуметтік желіде shdikon есімімен тіркелген Еуразия Ұлттық университетінің студенті жеңімпаз атанды.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Арман Дүйсеновтың бейнебаянына түскен Гүлнәз Жоланованы жігіт қауымы отбасын құрды деп ойлап, үмітін үзген-ді. Алайда қуаныштарына орай “Қазақ аруы” байқауының жеңімпазы өмірде емес, бейнебаянда қалыңдық атанған екен.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен