Гүлназ есімді жезөкше бұл кәсіпті не себепті таңдағанын айтып берді
Астанада жезөкшелік саудасы күн санап қызып келеді. Тіпті қала маңындағы жаңа аулдарда орналасқан сауна, кафелерден жеңіл жүрісті қыздарды оңай табуға болады.
Бұл туралы “Қылмыс пен жаза” бағдарламасында айтылды.
Полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқан жерінен ұстап алған Гүлназ есімді жезөкше басындағы жағдайды ашық баяндап берді. Ол бірнеше жылдан бері жеңіл жүрісті кәсіпке айналтырған.
«Мен мұндай кәсіппен айналысқым келіп, таңдап алған жоқпын. Жұмыс таппағаннан кейін, ақшаға мұқтаж болғандықтан мәжбүр болдым. Бұл жұмыстан айына ең азы 80-90 мың теңге табатынмын. Бұл ақшаны өз қажетіме жаратып тұрдым. Қалғанын ата-анама бердім. Олар мені өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр деп ойлайды»,-дейді Гүлназ есімді жезөкше.
Қазақстан бойынша қазір 10 мың жезөкше ресми түрде тіркелген. Ал жасырын қызмет жасап жүргендер саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Себебі, жезөкшелер ешқандай да қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды екен.
«Жезөкшелікпен айналысқан, немесе біреуді мәжбүрлеген, притондар ұйымдастырған тұлғаларға қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, бірақ жезөкшенің өзіне қатысты заңда ешқандай жаза қолдану көрсетілмеген» ,-дейді астана қаласы Сарыарқа ауданы аудандық сотының судьясы Болат Пазылов.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас: Мені шетелдіктер де таниды. Сол үшін бай болып көрінуге тырысамын
Бекболат Тілеуханов: Лауазымды қызметті бақыт деп санайтындар бар
Қазақстандық жұлдыздар марқұм Шалқар Үркімбаевтың науқас ұлына ақша жинауға шақырды