Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнара Каримованың 18 жастағы қызы алғаш рет ресми шарада төбе көрсетті (фото, видео)

Өзбекстанда салықтан табысын жасырд, бопсалау әрекетін жасады деп айыпталып отырған Гүлнара Каримованың 18 жастағы қызы Ташкенттегі Ислам Каримовтың ескерткішінің ашылу салтанатына келді.

8787

Иманмен түскен суретті Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова-Тиллияева өзінің Фейсбук және Инстаграм парақшаларында жариялаған.

9888

Ақсарай алдындағы салтанатты шараға тұңғыш президенттің жесірі Татьяна Каримова және қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те қатысқан болатын.

Ал Лола Каримова-Тилляева мен Иман Каримова монументке қарай гүл шоқтарын алып жүрді.

45454

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара ұлы Исламды 1992 жылы ал қызы Иманды 1999 жылы өмірге алып келген болатын. Бұған дейін олар елдегі ешқандай ресми іс-шараға қатыспаған. Ал Гүлнара Каримованың өзі елінде кеден заңдылықтарын бұзды, шетел валютасын жасырды, сауда ережелері мен қызмет көрсету заңдылықтарын аттап өтті, табысын жасыру, жалған құжат жасаумен айналысты деп айыпталуда. Оған қарсы қылмыстық істі елдің бас прокуратурасы жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)

Ташкентте Ислам Каримовке ескерткіш орнатылды

Қоқыс жәшігінен басы кесілген әйелдің денесі табылды

Талқылау