Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Португалияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff.kz
Рикардо Кака баптайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2025 жылы өтетін Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне өту үшін үш ойын өткізеді. Кездесулердің барлығы Порту қаласында болады. Бүгін Қазақстан құрамасы Францияға қарсы топтағы алғашқы кездесуін өткізеді. 28 наурызда алаң иелері Португалиямен ойнаса, 30 наурызда Беларусь елінің өренерімен жолығады.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне топта тек бірінші орын алған команда ғана жолдама алады.
Бас бапкер Рикардо Кака Қазақстан құрамасына мына ойыншыларды шақыртты:
Қақпашылар:
Артур Галиханов (“Аят”)
Әскер Наурызбаев (“Бәйтерек”)
Ойыншылар:
Әләзиз Камалов (“Ақтөбе”)
Әлихан Хасен (“Ақтөбе”)
Сайфулла Қоспанов (“Ақтөбе”)
Заур Гайдаржи (“Аят”)
Нұрмұхамед Исмаилов (“Аят”)
Диас Нышанов (“Ордабасы”)
Әлімжан Сейітнұр (“Жетісу”)
Георгий Калачев (“Тұлпар”)
Әлмерек Тілеуберген (“Қайрат”)
Семен Тарасенко (“Тюмень”).