Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының өтпелі ойынына жолдама алды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2026 чемпионатына іріктеу кезеңінде екінші орын алған командалар арасынан үздік сегіздікке еніп, плей-офф ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff.kz
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің 6-тобында өнер көрсетіп, 10 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Топтың жеңімпазы болып 16 ұпаймен Армения құрамасы танылды.
Қазақстан құрамасының ойын нәтижелері:
-
Албанияны екі рет жеңді — 2:0 және 4:2
-
Данияны жеңді — 7:3
-
Армениямен тең түсті — 4:4
-
Данияға жеңілді — 2:3
-
Арменияға жеңілді — 2:4
Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінде ойнау арқылы Еуро-2026 чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға мүмкіндік алды.
Топта екінші орын алған командалар арасында Қазақстан құрамасынан бөлек Босния және Герцоговина, Грузия, Словакия, Италия, Венгрия, Бельгия және Румыния командалары өтті. Өтпелі кезеңде отандастарымыз осы құрамалардың біреуіне қарсылас атанады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді