Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 жолдамасынан айырылды

Фото: КФФ

Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Италияға қарсы тартысты өткен плей-офф кезеңінің шешуші сәті пенальти сериясында анықталды.

Астанадағы "Жекпе-жек" сарайында өткен ойында алаң иелері жақсы бастады. Үшінші минутта Даурен Тұрсағұлов алғашқы голды соқты. Көп ұзамай қонақтар сапынан Матеус Барикелло қақпаның тоғыздығына дәл соққы жасады. Бірінші таймда Альберт Ақбалықовтың соққысынан кейін Қазақстан қайтадан алға шықты.

Екінші кезеңде екі команда алма-кезек шабуылдады. Луис Турмена айып добынан есепті теңестірді, бірақ көп ұзамай Эдсонның бұрыштамасынан кейін Габриэль Мотта өз қақпасына гол соғып алды. Қосымша уақытта Эдсон жеңісті сыйлай алатын еді, алайда оның соққысы бағанадан қайтты.

Шешуші сәтте пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар қателесіп, Италия жеңіске жетті. Екі ойынның қорытындысы бойынша Еуропа чемпионатына Италия жолдама алды.

Қазақстан — Италия 3:2 (2:1), қосымша уақыт — 3:2, пенальти — 0:2
Голдар: Тұрсағұлов 3 (1:0), Барикелло 8 (1:1), Ақбалықов 17 (2:1), Турмена 32 (2:2), Мотта автогол 35 (3:2)
Орындалмаған пенальти: Мотта 39 (мимо)
Алғашқы ойын: 1:2

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 22:35
Талқылау