Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарына қарсы матч өткізеді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Аргентина құрамасына қарсы матч өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Тәжікстан, Иран және Аргентина құрамаларына қарсы жолдастық матч өткізеді. Ең бірінші Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамыз күндері "Сайран Аренада" ойнаса, Иранға қарсы екі жолдастық матч 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Футзалшыларымыз соңғы жолдастық кездесуін 7 қыркүйек күні әлем чемпионы Аргентина құрамасына қарсы өткізеді. Матч "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, футзалдан Аргентина құрамасы 2016 жылы әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

