Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы ойын кезінде төрешіні ұрып тастады (видео)

"Оратой Юс" тобының футболшысы Антуан Камиллери Мальта футбол чемпионаты кезінде төрешіні ұрып тастағаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Саннат Лайонс» футбол құрамасына қарсы ойнаған Камиллери сайыстың 90-минутында қарсылас команданың ойыншысын шалып құлатқаны үшін екінші сары қағазды иеленеді. Алайда футболшы алаңнан кетуге бас тартып, төрешінің өзіне тап берген. Оның бұл әрекетін басқа ойыншылар тоқтатып үлгеріпті. Алаңнан кетіп бара жатқан кезінде Камиллери басты арбитрдың ассистентін соққының астына алыпты. Ол төрешені екі рет бетінен ұрып жіберген. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер футболшының қолын қайырып, оны алып кеткен көрінеді. 

Ойын барысы сол күйі аяқталмай қалған. 1:0 есебімен "Саннат Лайонс" жеңіске жетіпті.

 

Талқылау