Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: fckairat

34 жастағы қорғаушы биылғы маусымда араға 11 жыл салып қайтадан “Ертіс” футбол клубына ауысқан еді. Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген Суйімбаев Қазақстан Кубогында ауыр жарақат алды. Осы оқиғадан кейін павлодарлық команданың баспасөз қызметі футболшы жайлы ақпарат берді.

“Ғафуржан Сүйімбаев мениск пен алдыңғы крест байламының зақымдану күдігіне байланысты ұзақ мерзімге қатардан шықты. Ойыншыға операция жасалады. Қалпына келтіру қажеттілігіне байланысты ол жаттығу процесіне қатыса алмайды және бірнеше айға ойыннан тыс қалады”, – деді “Ертіс” футбол клубының баспасөз қызметі.

Осылайша Сүйімбаев ауыр отаны өткізген соң өз мансабын аяқтауға шешім қабылдады.

Футболшы бұған дейін “Ордабасы”, “Қайрат”, “Ақсу” клубтарының намысын қорғаған. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 42 ойынға қатысты. 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ ішкі біріншілікте 4 рет күміс, 1 рет қола жүлдені жеңіп алды. Екі рет Қазақстан Кубогын, бір рет Суперкубоктың иегері болды.

Бұған дейін, ресейлік ойыншы Артем Дзюбаның “Қайрат” футбол клубына ауысудан бас тартқанын хабарлаған едік.

Талқылау