Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанға есе жіберді
Фото:Ашық дереккөзден
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Ташкентте өткен жолдастық кездесуде Өзбекстан командасына 1:0 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос құрамада ойынның соңғы минуттарына дейін тең дәрежеде ойын өрнегін көрсеткен еді. Алайда матчтың 84-минутында Қазақстан құрамасының қорғаушысы өрескел қатеге жол беріп, аяғындағы доптан айырылып қалды. Бұл қатені ұтымды пайдаланған өзбек футболшысы Қазақстан қақпасына гол соғып, ойын тағдырын шешті.
Осымен Қазақстан құрамасы қатарынан екінші мәрте жеңілді.
Еске салсақ, бұған дейін де сырт алаңда Еуропа чемпионатының іріктеуінде Андорраға 1:0 есебімен есе жіберген еді. Ал Андорра – Еуропадағы аустайдер командалардың бірі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген


