Футболдан Қазақстан жастары Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті
Астанада өткен ойында Қазақстан жастар құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Футболдан отандастарымыз (U21) 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Люксембург жастар құрамасын ойсырата ұтты.
Ойындағы алғашқы голды 7 минутта Иван Антипов соққан. Алайда төрешілер ойыншыны оффсайдта қалды деп есептеп, голды есепке алмады. Араға 3 минут сала Ян Вороговский Қазақстан жастар алға шығарды. 13 минутта дубль жасап үлгерді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
73 минутта қонақтар сапынан қорғаушы Седрик Сакра екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Сондай-ақ Люксембург жастар құрамасы қақпасына пенальти белгіленді. 11 метрлік соққыдан Максим Федин мүлт кеткен жоқ.
Қазақстан жастары топтық кезеңде 7 ойын өткізіп үлгерді. 2 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсті. 2 ойында қарсыластарына есе жіберді. 9 ұпаймен үшінші орында келеді.
Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда келесі ойынын 7 қыркүйек күні елімізде Словения жастарына қарсы өткізеді.
Жіберіп алмаңыз:
Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді
Қазақтар Криштиану Роналдуға шапан жапты (видео)
Головкиннің бапкері: Біз «Канеломен», не басқамен болсын 5 мамырда жекпе-жекке шығамыз