Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Головкиннің бапкері: Біз «Канеломен», не басқамен болсын 5 мамырда жекпе-жекке шығамыз

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Канело арасында өтетін айқасқа қатысты отандасымыздың бапкері пікір білдірді. Головкиннің бапкері Абель Санчес  Сауль Альварес рематчқа жіберілмесе де, GGG жоспар бойынша 5 мамыр күні рингке шығатынына үміттенетінін айтты.

Бұған дейін Невада атлетикалық комиссиясы «Сауль Альварестің» допинг-сынамасың сәтсіз шығуына байланысты, оны 10 сәуірге дейін спорттан шеттеткен болатын. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

«Жоспар бойынша жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп сенеміз. Біз лагерьде жаттықтық, айқастан бас тартатындай бізде ешқандай себеп жоқ, – деді GGG-нің бапкері Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

«Біз «Канело» болсын, басқа біреу болсын бесінші мамырда жекпе-жекке шығамыз. Мен соған үміттенемін»,-дейді бапкер.

Сондай-ақ, Санчес осы жекпе-жекке дайындық барысында Головкин қарсыласы Альваресті және оның командасын әділ сынағанын жеткізді.

«Маған бұл сөзсіз ұнады. Егер бұл оған рингте басымдық берсе, Головкин бұрынғысынан да мықтырақ болады. Ал бұрынғы Головкинде сөз жоқ, ол  – ұлы боксшы», – деп атап өтті коуч.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық дзюдошылар Германияда 5 медальға ие болды

Қанат Исламның ендігі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Бокс маманы: Головкин қорықты деп ойлайтындар – үлкен ақымақтар

Кеудесіне доп тиген футболшы ойын кезінде қайтыс болып кетті

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр