Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның ендігі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның ендігі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды. Дегенмен қарсыласы кім болатыны әлі анықталмаған.

Бұл туралы боксшы EsNews-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

– Сіз енді Америкада рингке шығасыз. Келесі кездесу қайда өтеді?

– Вегаста.

– Кіммен?

– Әзірше білмеймін. Маған кім болса да бәрібір.

Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белдіктерін иеленген. Соңғы рет ол 2017 жылы 9 қыркүйекте Астанада канадалық Брэндон Кукпен (19-1, 12 КО) кездесіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Қанат жақында Top Rank промоутерлік компаниясымен келісім жасасқан. Бұл – екінші орта салмақтағы атақты Василий Ломаченконың (10-1, 8 КО) ісін жүргізетін компания. Сондай-ақ, Қанат Ислам Окснардта (Калифорния штаты,  АҚШ) осы украиналық боксшының тағы бір бапкері Марко Контрерастың қарамағында шеберлігін шыңдап келеді.

Тағы оқыңыз:

Бокс маманы: Головкин қорықты деп ойлайтындар – үлкен ақымақтар

Кеудесіне доп тиген футболшы ойын кезінде қайтыс болып кетті

Сарапшы: «Допинг қолданған» Альвареспен жекпе-жекке шығу Головкиннің өміріне қауіп төндіруі мүмкін

Боксшы Арман Рысбек аргентиналық қарсыласын нокдаунға, артынша нокаутқа жіберді (видео)

«Канелоның» салмақ өлшеу алдында дәрі ішіп жатқан сәті түсіп қалған видео желіде тарап кетті (видео)

 

Талқылау