Футболдан Қазақстан құрамасы Кюрасао командасымен жолдастық кездесу өткізеді
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кюрасао командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жолдастық кездесу кешкі сағат 19:30-да (Қазақстан уақытымен) жабық форматта өтеді. Ойын тікелей эфирден көрсетілмейді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльс және Лихтенштейн командаларына қарсы өткізеді.
Кюрасао – Солтүстік Америкада орналасқан кішкентай ғана арал. Бұл елде небәрі 150 000 адам ғана тұрады. Кюрасао ұлттық құрамасы сапында Рангело Янга ойнайды. Шабуылшы “Астана” футбол клубының сапында 2018-2020 жылдары екі маусым өнер көрсетті. Елордалық команда сапында 40 ойында 10 гол соқты.
Бұған дейін, Бахтиер Зайнутдиновтың Қазақстан құрамасы сапында алдағы ойындарға қатыса алмайтынын хабарлаған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

