Тұңғыш рет: Футболдан Қазақстан құрамасы азулы Грекияны жеңіп, финалға шықты (видео)
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан Гранаткин Мемориалының финалына шақты.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Александр Кузнецовтың командасы жартылай финалда Грекия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Жартылай қорғаушы Айдос Орал 18, 49 минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды. Гректер тарапынан Гиоргос Цоврас 58-ші минутта есеп айырмасын қысқарта алды.
Финал, 21 қаңтар күні Астана уақытымен 22:00-де өтеді. Қазақстан құрамасының финалдық матчтағы қарсыласы – Ресей құрамасы.
Қазақстан құрамасы Гранаткин Мемориалы финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін біздің команда 2012, 2014 жылдары 16-орынмен шектелсе, 2015 жылы 10-орынға табан тіреген. Турнирге жалпы саны 16 команда қатысады.
Оқи отырыңыз:
Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды
Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)
Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды