Футболдан Әлем чемпионаты: Аргентина құрамасы алғашқы ойынында Сауд Арабиясына есе жіберді
Аргентина құрамасы Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында Сауд Арабиясынан жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 22 қарашада команда ойын күнін Сауд Арабиясымен кездесуімен бастап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ойынның тоғызыншы минутында аргентиналықтар есеп ашқан. Пенальтиді голға айналдырған Лионель Месси командасын алға шығарған.
29-минутта Сауд Арабиясының қақпасына Лаутаро Мартинес екінші гол соқты, бірақ ойыншылар ойыннан тыс қалып, гол есепке алынбады.
Үзілістен кейін Сауд Арабиясының футболшылары бар болғаны бес минуттың ішінде аргентиналықтардың қақпасына екі гол соғып кетті. Алдымен 48-минутта Салех Аль-Шехри есепті теңестірсе, одан кейін Салем Аль-Даусари 53-ші минутта есепті еселеп, 1:2-ге жеткізді.
Еске салайық, бұл командалар С тобында өнер көрсетеді, олардың қарсыластары Мексика мен Польша құрамалары.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ