Футболдан әлем чемпионаты: Англия алғашқы қарсыласын ойсырата жеңді
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Англия құрамасы жеңіспен бастады. Иранға қарсы матч барысында барлығы 8 гол соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дохада өткен ойын 6:2 есебімен аяқталды. Бірінші таймда Англия 3 гол соқты. Әрі есеп тек 35-минутта ашылып, алғашқы голды Джуд Беллингем салды. 43-минутта БукайоСака, 45-минутта Рахим Стерлинг есепті еселей түсті.
62-минутта Сака төртінші голды соғып, дубль авторы атанда. Ал 65-минутта ирандық Мехди Тареми Англия қақпасына алғашқы голды салды.
Англиялық ойыншылар мұнымен тоқтамай, 71-минутта Маркус Рэшфорд, ал 90-минутта Джек Грилиш те гол соқты. Ал ирандықтар қосымша минутта пенальтиді жүзеге асырып, дубль авторы атанды.
Ойын барысында Иран құрамасының негізгі қақпашысы қорғаушы соғылып, жарақат алды. Оған алаңда медициналық көмек көрсетілгендіктен, қосымша 14 минут қосылды.
Енді В тобында АҚШ пен Уэльс құрамалары 26 қарашада кездеседі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”