Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионаты: АҚШ пен Англия плей-офф кезеңіне жолдама алды

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына тағы екі құрама жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кубок футбол

В тобындағы Англия мен Уэльс құрамалары үшінші айналымда ойын өткізді. Дегенмен ағылшындықтар қарсыластарынан басым түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ойын барысында Маркус Рэшфорд (50 және 68-минуттарда) дубль авторы атанда, сонымен қатар 51-минутта Фил Фоден де гол соқты.

Осылайша Англия 7 ұпай жинап, келесі кезеңге өтті. 1/8 финалда Сенегал құрамасына қарсы ойын өткізеді. 

В тобындағы келесі жұп – АҚШ пен Иран арасындағы ойын да тартысты өтті. Нәтижесінде АҚШ 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама иеленді. 

Матч кезіндегі жалғыз голды 38-минутта Кристиан Пулишич соққан. Opta Sports мәліметінше, АҚШ осымен үшінші әлем чемпионатында қатарынан 1/8 финалға жолдама алып отыр. 

Талқылау