Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол жұлдызы қазақстандықтың суретін жариялады

Неймар Молодойдың суретін жарияладыФото: instagram.com/neymarjr/danil.molodoy_

Бразилия футбол құрамасының жұлдызды шабуылшысы Неймар Жуниор әлеуметтік желіде Molodoy лақап атымен танымал қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенконың суретін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Неймар Жуниор бұрынғы FC Barcelona жұлдызы Данил Голубенконың Бразилия құрамасының формасын киіп, артында футболшының тегі жазылған суретін бөлісті.

Спортшылардың арасында шағын диалог болған.

– Бұл Molodoy ғой, солай ма? – деп жазды Неймар Жуниор әлеуметтік желіде.
– Иә, Molodoy, – деп жауап берді қазақстандық киберспортшы.

Неймар Молодойдың суретін жарияладыФото: Желіден скрин

Әлемдегі танымал футболшының 21 жастағы қазақстандық киберспортшыға назар аударуы кездейсоқ емес. Даниил Голубенко бірнеше жылдан бері Бразилияның FURIA Esports командасында ойнап, оның көшбасшыларының бірі саналады.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сенсек, Molodoy қазір командасымен бірге Бразилияға ұшып барған. Ол 13 сәуірден 14 сәуірге қараған түні өтетін IEM Rio турнирінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 7-17 мамыр аралығында FURIA Esports PGL Astana турниріне қатысады. Бұл – бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы ең ірі киберспорттық іс-шаралардың бірі.

Ал Неймар Жуниор 2013-2017 жылдары FC Barcelona сапында өнер көрсетіп, әлем футболындағы ең тиімді шабуыл үштіктерінің бірі — Месси/Неймар/Суарес құрамының мүшесі болды.

Ол сол кезеңде командамен бірге “требл” жеңіп алды, яғни бір маусымда Ла Лига чемпионатын, Кубокты және Чемпиондар лигасын қатар ұтып шыққан.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 10:21