Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)
“Суонси Сити” клубының аңыз ойыншысы Ли Трандл футбол тарихындағы ең қитұрқы пеналтидің авторы атанды.
Ол бұл голды қайырымдылық кездесуі барысында соқты. Ол допқа жақындап бауын байламақшы болған адамның кейпін танытып, қақпашыны сан соқтырып кетеді.
Ал қақпашы болса тіпті қас-қағым сәтте не болғанын да түсінбей қалған.
4 желтоқсан күні “Бритон Ферри Ллансауэл” клубына қарсы өткізген матчта “Суонси Сити барлық жұлдыздары” командасы 11:4 есебімен жеңіске жеткен. Мачтан түскен ақша қайырымдылық мақсатта жұмсалмақ.
Оқи отырыңыз:
Златан Ибрагимович цирк стилінде гол соқты (видео)
Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды
Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды
Талқылау