Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол матчында Иран әйелдер құрамасы әнұран айтудан бас тартты

Иран әйелдер құрамасыФото:Getty images

Футболдан Азия кубогы аясындағы матч алдында Иран әйелдер құрамасы мемлекеттік әнұранды айтудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға Иран құрамасының Оңтүстік Кореяға қарсы ойыны алдында орын алды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті “Иран әйелдер құрамасының қазіргі режимге қарсылығы” деп бағалап жатыр.

Алайда бұл әрекеттің нақты себебі әзірге белгісіз. Құрама ойыншылары да, бас бапкер Марзие Джафари Әли де бұл жағдайға қатысты нақты түсініктеме беруден бас тартты.

Сондай-ақ бас бапкер Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің өлімі туралы тараған ақпаратқа қатысты да пікір білдірмеді.

“Менің ойымша, қазір бұл мәселелерді талқылайтын уақыт емес. Команда өте маңызды жарысқа келді”, –  деді бас бапкер.

Айта кетейік, екі құрама арасындағы матч 3:0 есебімен Оңтүстік Кореяның пайдасына аяқталды.Соған қарамастан, кейбір жанкүйерлер ирандық футболшылардың бұл әрекетін батыл қадам екенін айтуда. 

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Наурыз, 2026 00:32