Футбол королі Пеленің аты сөздікке енді: Енді бұл сөз “ерекше” деген ұғымды білдіреді
Атақты бразилиялық футболшы Пеленің аты португал тіліндегі Michaelis сөздігінің цифрлық нұсқасына енді. Енді бұл сөз елде “ерекше, теңдесі жоқ” деген ұғымда пайдаланылады. Әрі сол сөздердің синонимі ретінде де қолдана аласыз деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аgenciabrasil сайтының жазуынша Пеле атанып кеткен бразилиялық футболшы Эдсон Арантес ду Насименту тағы бір ерекше құрметке ие болды. Оның аты енді цифрлық сөздікте белгілі бір ұғымды білдіреді.
“Эдсон Арантес ду Насименту (1940-2022), лақап аты Пеле. Ол барлық уақыттағы ең ұлы спортшы болып саналады, ерекше, теңдесі жоқ. "Pelé" терминін "ерекше", “теңдесі жоқ” сөздерінің синонимі ретінде қолдануға болады”, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, бұл бастаманы 125 000 адам қолдаған.
Michaelis — бразилиялық Melhoramentos баспасының португал тіліндегі сөздігі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”