Фридрих Мерц екінші рет дауыс беру нәтижесінде Германияның канцлері болып сайланды

Фото: Getty Images
Бундестаг екінші рет дауыс беру нәтижесінде Фридрих Мерцті Германияның федералдық канцлері етіп сайлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Frankfurter Allgemeine басылымының мәліметінше, Христиан-демократиялық одақтың (ХДО) жетекшісі Фридрих Мерц екінші турда 325 дауыс жинаған. Бұл қажетті межеден тоғыз дауысқа артық. Оған қарсы 289 депутат дауыс берді. Бір депутат қалыс қалды, ал үш бюллетень жарамсыз деп танылды.
Дауыс берудің бірінші туры 6 мамыр күні таңертең өтті. Ол кезде Мерц қажетті 316 дауыстың орнына 310 дауыс алған еді. Бұл – Германия Федеративтік Республикасы тарихындағы алғаш рет болған жағдай. Осыған байланысты Бундестаг отырысы үзіліп, партиялар арасында қосымша кеңестер өткізілді. Кейін екінші турды дереу өткізу туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, Фридрих Мерц Германияның сайланған оныншы канцлері.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген