Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фридом Финанс" 2021 жылы қазақстандық облигацияларды орналастыруды ұйымдастырушылар арасында көшбасшы атанды

Сbonds өткен 2021 жыл бойынша қазақстандық облигацияларды орналастыруды ұйымдастырушылардың рэнкингін дайындады. Жалпы рэнкингтің қорытынды кестесіне 1,444 трлн теңгеге 89 шығарылымды орналастырған 14 ұйымдастырушы кірді. Көшбасшы болып жалпы сомасы 516,5 млрд теңгеге 15 түрлі эмитенттердің 29 эмиссиясын орналастыруды ұйымдастырған "Фридом Финанс" (Казахстан) инвестициялық компаниясы атанды. Банктің орналастыру нарығының үлесі 35,76%-ды құрады.  

"Бұл оқиға біздің инвестициялық банкинг департаменті үшін маңызды кезең болып табылады, ол сонымен қатар 42,85% үлесімен және 473 млрд теңгеден астам көлемімен нарықтық орналастырулар бойынша Cbonds-тың 2021 жылғы рейтингінде қазақстандық облигациялардың жетекші ұйымдастырушысы болып танылды. Біз бұл жетістіктер біздің адал беделімізді, мемлекеттік және жеке клиенттермен тамаша жұмысымызды, сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал ететін қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыру міндеттемесін көрсетеді деп есептейміз", – дейді "Фридом Финанс" АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры Ренат Сыздықов.

Сонымен қатар "Фридом Финанс" АҚ жеке (шоғырландырылмаған) қаржылық есептілігінен негізгі қаржылық көрсеткіштерді жариялады:

– Қорытынды активтер 2021 жылғы 31 желтоқсанда 32 млрд теңгеге немесе 21%-ға азайды.  

– Міндеттемелер тікелей РЕПО бойынша операциялардың 57,6 млрд теңгеге азаюына байланысты 57,1 млрд теңгеге немесе 64%-ға, немесе 2021 жылдың 30 қыркүйегімен салыстырғанда 65%-ға азайды.  

– Меншікті капитал 23 млрд теңгеге немесе 60%-ға ұлғайды.  

Негізгі сандық көрсеткіштер

  1. Жарғылық капитал – 61,4 млрд теңге.
  2. 2021 жылдың төртінші тоқсанында ашылған шоттар саны – 2 746. 
  3. 2022 жылдың 1 қаңтарында шоттардың жалпы саны – 78 000 астам. 
  4. 2021 жылғы төртінші тоқсандағы мәмілелер саны – 287 мыңнан астам. 

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың 79 атауы бойынша, Astana International Exchange –  6 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады.  

Freedom Finance Global PLC 2022-ші қазыналық жылдың үшінші тоқсанындағы қорытындысы   

2021 жылғы қазан – желтоқсан кезеңінде компанияда 9 000-ға жуық шот ашылды, 297 мыңға жуық мәмілелер жасалды. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы саны – 30 мыңнан астам, 904 мыңнан астам мәмілелер жүзеге асырылды.  

2022-ші қазыналық жылдың үшінші тоқсанында Freedom Finance Global арқылы клиенттер 14 IPO-ға қатыса алды. Жалпы 2021 жылы компания клиенттері 97 IPO-ға қатысты.  

Талқылау